
Бүгін Оқушылар сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілдер патшалығы» атты іс-шара өтті. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізілген мерекелік іс-шарада әлемдік қатынас тілдері мен еліміздегі «Тіл туралы» Заң бойынша ақпараттар айтылды.
Содан соң, Оқушылар сарайындағы «Лингвоland» бөлімінің оқушылары «қазақ тілі патшалығы», «орыс тілі патшалығы», «ағылшын тілі патшалығы» және «түрік тілі патшалығы» деген атаулармен 4 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Бұл жарыс «Таныстыру», «Патшалықтармен танысу», «Кім жылдам?», «Мақал-мәтел жарысы», «Тапқыр болсаң – тауып көр» және «Olentime» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Әрбір кезең бойынша оқушылар сөздер мен мақал-мәтелдерді 4 тілде айту, сұрақтарға жауап беру және әр тілде өлең айту тапсырмаларын орындады.
Жарыс қорытындысына сәйкес, "Ағылшын тілі патшалығы" жеңімпаз атанса, "Түрік тілі патшалығы" екінші және "Қазақ тілі үшінші орынға ие болды.