
💠Оқушылар ашық аспан астында сурет салды💠
Бүгін «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубында жаңа оқу жылының басталуына орай «Open Air» атты іс-шара өткізілді. Нақтырақ айтсақ, бұл – ашық аспан астында ұйымдастырылатын асфальтқа сурет салу жобасы.
Іс-шараны мекеме директоры Индира Икапова ашып беріп, білімгерлер мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар, тәрбие мен білім алудың және жан-жақты дамудың маңызына тоқталып, жоба қатысушыларына сәттілік тіледі.
Аталған іс-шараға Оқушылар сарайындағы «Ғылым», «Лингво», «Шығармашылық», «Спорт», «Өнер», «Технопарк және IT Sana» бөлімдерінің білімгерлері қатысты. Олар асфальт бетіне өз қиялдарындағы суреттерді салып, шығармашылықтарын шыңдады.