Оқушылар сарайының жұмысымен танысуға шетелден қонақтар келді

Бүгін Түркістан қаласында алғаш рет өткен "Responsible Fashion Series" атты тұрақты сән жөніндегі халықаралық конференцияның Румыния, Германия сынды Еуропа елдерінен келген спикерлері "Оқушылар сарайы" - ЮНЕСКО клубына келді. Олар "Оқушылар сарайында" жұмыс істеп тұрған "Аялы алақан", "Юнисат" сынды үйірмелермен және оқушылардың киім тігу, дизайн, қолөнер, сурет бағыттарындағы жұмыстарымен танысты.


Сонымен қатар, спикерлер заманауи сән әлеміндегі тың жаңалықтар мен тәжірибелер негізінде құрылған презентациясын көрсетіп, шағын мастер-класс өткізді.


Айта кетсек, "Responsible Fashion Series" атты тұрақты сән жөніндегі халықаралық конференция 2012 жылы әлемнің сән астаналары – Нью-Йорк, Лондон, Милан және Париждің сән апталықтарын, белсенді сән және дизайн университеттерін, сән, дизайн және шығармашылық индустрияларды дамытудағы маңызды мәселелерді талқылап, мәселелерді шешу мақсатында іске қосылған.