
Балалардың жас мөлшері: 6-16 жас
Баланы аспаптық шығарманың сипаты мен көркемдік құралдарын анықтай білуге, әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруді, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түсіндіру. Жеке тұлғаның рухани мәнін ашу, шығармашылық өнер негізінде шығармашылық жағынан дамыту. Оқушыларды музыкалық мәдениетін озық үлгілерімен таныстыру. Музыкалық шығармалармен тек мектептегі сабақта ғана танысып қоймай оларды теледидардың, радио хабардан, концерттерден де тыңдап жанрларды ажырата білуге үйрету.
Ұнаған шығарманы есте сақтап дәптерлеріне оның атын композиторының орындаушысының аты - жөнін жазып, оны басқа орындаушылармен салыстырып, орындаушылық ерекшеліктерін ажыратуға, кітаптармен басылымдардан музыка композитор орындаушылар жөнінде мәліметтерді оқи жүруге үйрету. Ән айту ережелерін жане әннің мазмұнын түсініп орындалу, оны көрерменге жеткізе білуге үйрету.

Балалардың жас мөлшері: 7-15жас
Ұлттық аспабымыз домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, оқушыларды өнерсүйгіштікке баулу, отансүйгіш, ұлтжанды, жан- жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Ұлттық аспаптарымызды, оның ішінде домбыраны құрметтеуге үйрету, сол арқылы ұлттық салт –дәстүрлерімізді насихаттау.

Балалардың жас мөлшері: 8-18 жас
Балаларды домбыра аспабында жоғары деңгейде оқыту, ординатура дағдыларын дамыту. Музыкалық шығармаға деген сүйіспеншілік сезімін оята отырып, шығармашылық мағынада ойнау қабілетін дамытады.

Балалардың жас мөлшері: 6 – 16 жас
Балаларда дәстүрлі және ұлттық мәдениетке эмоционалды және эстетикалық қатынасты қалыптастыру. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру. Шығармашылық пен көркемдік талғамның дамуы. Жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстану, патриотизмге тәрбиелеу, үйлесімді тұлға аралық қатынастарды тәрбиелеу.

Балалардың жас мөлшері: 6-16 жас
Оқушыларды музыкалық мәдени-аспаптық шығарманың сипаты мен көркемдік құралдарын анықтай білуге үйрету. Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруді, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түсіндіру.
Жеке тұлғаның рухани мәнін ашу, шығармашылық өнер негізінде шығармашылық жағынан дамыту. Оқушыларды әлемдік музыкалық композиторлардың және Қазақстанның белгілі композиторларының әндерімен таныстыру. Музыкалық шығармалармен тек мектептегі сабақта ғана танысып қоймай оларды теледидардан, радио хабардан, концерттерден де тындап жанрларды ажырата білуге үйрету. Ән айту ережелерін, әннің мазмұнын түсініп орындалу және де оны көрерменге жеткізе білуге уйренту.

Балалардың жас мөлшері: 8-18 жас
Оқушыларды нотамен, аспаппен жұмыс жасауға баули отырып, гитара аспабында ойнауға үйрету. Музыкалық шығармаға деген сүйіспеншілік сезімін оята отырып, шығармашылық мағынада ойнау қабілетін дамытады.

Балалардың жас мөлшері: 6-18жас
Оқушының музыкалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, шапшаңдылыққа, орнықтылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды жалпы музыкалық жағынан дамыту. Сабақ қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Балалардың жас мөлшері: 10-16 жас
Оқушылар және студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы ояту. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ынталандыру. Шын талант иесін анықтау және қолдау.

Балалардың жас мөлшері: 8-16 жас
Сахна мәдениетін құрметтеуге баулу. «Жайдарман» сайыстарын жетік меңгеріп, ойнауға дағдыландыру. Үйірме мүшелерін сахнада командалық және жекелей өнер көрсетуге дайындау. Қоғамдық және көпшілік ортада белсенді болуға үйрету. Продуктивті және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.