Директор Блогы
Индира Сарқытқызы Икапова
Қымбатты бүлдіршіндер мен ата-аналар!
Түркістан қаласында жаңадан ашылған Оқушылар Сарайы талантты балалардың талантын ұштауды, олардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйретуді мақсат етеді.
Қазіргі таңда біздің сарайымызда 60-қа жуық үйірме өз жұмысын атқаруда. Олардың ішінде бүлдіршіндерден бастап, ата-аналарға дейін арнайы үйірмелер бар.
Білгір бүлдіршіндерді, таудай таланттарды, жарқын жастарды қолдау біздің басты міндетіміз!
Біздің Оқушылар сарайы және ондағы үйірмелер мен жұмыстарымызға қатысты ұсыныс-тілектеріңізді күтемін!
